$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Камераны өшір, әйтпесе жаман болады»: Ақтауда полицейлердің әрекеті дауға қалды

Полицейлер өзін таныстырудан да бас тартқан

«Камераны өшір, әйтпесе жаман болады»: Ақтауда полицейлердің әрекеті дауға қалды
Фото: Azattyq Rýhy

Ақтау қаласының тұрғыны Темірлан Юргенс әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің дөрекі әрекеті жайлы айтып, видеожазба ұсынды. Оның сөзінше, бұл оқиға 2025 жылдың 22 мамырында «Батыр» стадионы маңында болған. Оқиға туралы lada.kz басылымы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлер не үшін тоқтатты?

Оқиға куәгерінің айтуынша, анасымен бірге көлікпен келе жатқан кезде оларды тәртіп сақшылары жаяу жүргіншіні өткізбеу айыбы бойынша тоқтатқан.

«Анам рөлде отырған. Жолда ешқандай жаяу жүргінші болмады. Тек жаяу жүргінші жаяу жолға жақындап келе жатқан еді. Полицейлер де соңында мұны мойындады. Бірақ басқа сылтау іздей бастады», – дейді Темірлан Юргенс.

Кейін олар көлік бамперінде балшық қорғағыштың (брызговик) жоқтығын алға тартып, ҚР ӘҚБтК 590-бабы 5-бөлігі бойынша хаттама толтырған. Бұл бап – техникалық регламент пен ұлттық стандартқа сай келмейтін көлік құралын жүргізу үшін 9 830 теңге айыппұл салуды көздейді.

  • Көлік түрі – жаңа Cherry Tiggo
  • Айыппұл – 9 830 теңге
  • Нөмір – оқиға орнында шешілген

«Сен кімсің өзі?»: видео түсіруге тыйым салынған

Темірлан Юргенстің айтуынша, ол оқиғаны видеоға түсірмек болғанда, полиция қызметкерлері оған кедергі келтіріп, өзін таныстырудан бас тартқан.

«Камераны қосқаным сол еді, “Камераны өшір, әйтпесе жаман болады”, “Сен кімсің өзі?” деді. Біреуі “Сен – артық адамсың” деді. Он рет өтініш айтсам да, аты-жөндерін айтпады»,– дейді тұрғын.

Темірлан мен оның анасы айыппұлмен келіспейтінін айтып, оны сот тәртібімен дауламақ.

Полиция департаменті не дейді?

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс басталғанынхабарлады. Ведомство өкілдері жүргізуші айыппұлды төлеп, көліктің нөмірін қайтарып алғанын, бірақ ресми арыз жазудан бас тартқанын мәлімдеді.

Қазір бейнебақылау жазбалары тексерілуде. Қызметкерлердің әрекетіне байланысты қызметтік тергеу жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары