23.05.2025, 10:56
Жаңалықтар
Тоқаев бірнеше елге жаңа елші тағайындады
Ақорда хабарламасы жарияланды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елге Қазақстанның жаңа елшісін тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметіне сүйенсек, мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
- Рауан Әбдіманапұлы Жұмабек Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
- Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Айта кетерлігі, мемлекет басшысының жарлығымен Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Көп оқылған
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
29.06.2026, 13:32
«Военкоматтан келіп тұрмын»: жас жігіт әскерден қашамын деп Ақбұлақ өзеніне секіріп кетті (ВИДЕО)
29.06.2026, 10:35
Қазақстанда алдағы күндері 38 градус ыстық болады: үш күнге арналған болжам жарияланды
29.06.2026, 11:05
«Өз өмірім үшін қорқамын»: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Вероника Соколованың анасы дабыл қақты
29.06.2026, 09:26
«Тұман мен боранға қарсы»: бірқатар өңірдегі тасжолда жүргізушілерге бағдар беретін лазер орнатылды (ВИДЕО)
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды