23.05.2025, 11:08
Жаңалықтар
Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары тағайындалды
Ақорда хабарламасы жарияланды
Фото: kmg.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Василий Сергеевич Лавренов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, В.Лавренов 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2004 жылы Дюк университетінің құқық мектебін (Жапония) бітірді.
- Еңбек жолын 1999 жылы «Титул» заң агенттігі» ЖШС-де заңгердің көмекшісі болып бастады. Одан кейін «Grata» заң фирмасы» ЖШС заңгері болып жұмыс істеді.
- 2001-2002 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ заң департаментінің заң кеңесшісі болды.
- 2002-2005 жылдары – «Grata» заң фирмасы» ЖШС серіктесі.
- 2005-2007 жылдары «Bateman Kazakhstan Oil and Gas Company B.V.» компаниясының Қазақстандағы филиалының заң қызметінің бастығы, құқық мәселелері бойынша бас консультанты лауазымдарын атқарды.
- 2007-2008 жылдары - «Интегра Менеджмент» ЖАҚ (Қазақстан Республикасындағы өкілдігі) мұнай сервистік компаниясының заң қызметінің директоры.
- 2008-2017 жылдары - «Eastcomtrans» компаниялар тобының заң департаментінің директоры, бас консультанты.
- 2019-2022 жылдары – Будапешт қаласындағы Greenline Services Ltd компаниясының аға серіктесі, консультанты.
- 2022 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
Көп оқылған
12.04.2026, 17:42
ТЖД үш бала қаза тапқан өртке қатысты мәлімдеме жасады
12.04.2026, 11:09
Ауыл дәрігерлеріне берілетін әлеуметтік төлем екі есе өсті
12.04.2026, 10:44
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала қаза тапты
Бүгін, 10:51
Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады