Алматыда жүргізуші жедел жәрдемге жол бермей қойды (ВИДЕО)
Болған оқиға видеоға түсіп қалған

Алматыда автокөлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға қайда болды
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, қоғамда резонанс тудырды. Видеода жедел жәрдем көлігінің сигнал беріп, өтіп кетуге тырысқанын, бірақ жүргізуші жол ережесін елемей, ештеңе болмағандай жүре бергенін көруге болады.
Желі қолданушылары жүргізушінің әрекетіне ашуланып, мұндай жағдай біреудің өміріне қауіп төндіретінін айтып жатыр.
"Видео Райымбек даңғылында, Момышұлы көшесіне жақын жерде түсірілген. Жедел жәрдем көлігі науқастарға жылдам жетіп, адам өмірін құтқару үшін үнемі A-желісін пайдаланады, бұл жерде секундтар рөл ойнайды! Жолда мұқият болыңыздар!", - делінген жазбада.
Жүргізуші жауапқа тартылады
Бұл жағдайға Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, бұл фактіге қатысты тергеу жұмыстары жүргізіледі.
Жүргізушінің жеке басы анықталып, тергеу нәтижесі бойынша ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
"Мұндай жағдайға жол беруге болмайды және жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу болып саналады. Алматы полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын, әсіресе, жедел жәрдем көліктері жақындаған кезде жол ережесін қатаң сақтауға шақырады", - деп түсіндірді полиция.