$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.06.2020, 21:50
Жаңалықтар

Заңсыз митингілер кезінде 53 адам ұсталды - ІІМ

8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Заңсыз митингілер кезінде 53 адам ұсталды - ІІМ
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 6 маусым күні заңсыз митингілер кезінде 53 адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Карантин режимін қатаң сақтау талабына қарамастан 6 маусымда Қазақстанның кейбір қалаларында адамдар заңсыз митингілер өткізбекші болды. Прокуратура мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері олардың әрекеттері заңсыз екенін түсіндірді. Алайда кейбір азаматтар заң талаптарын орындаған жоқ», - делінген хабарламада.

Карантиндік шектеулер мен заң талаптарын орындаудан бас тартқаннан кейін заңды бұзғандар профилактикалық жұмыс жүргізу үшін полицияға жеткізілген.

«Заңсыз митингілер кезінде 53 адам ұсталды. 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың жетеуіне айыппұл салынды, біреуіне ескерту жасалды. 2 адамға қатысты мемлекеттік қызметкерді қорлағаны және күш қолданғаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 6 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митингілер өткен болатын.

Серіктес жаңалықтары