08.06.2020, 23:48
Жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан тағы 2 адам көз жұмды
Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 58 адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 2 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Қайтыс болғандардың бірі - Павлодар облысының тұрғыны. Ол әйел 1957 жылы туған. Екінші адам - 1966 жылы туған ер адам. Ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан бойынша барлығы 58 адам қайтыс болды.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
