$ 510.59  578.91  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Африкада алмаз өндіреміз»: «Sax Invest» қаржы пирамидасының былығы әшкере болды

Қаржы пирамидасының басшысы халықты алдап, 9 млрд теңге иемденген

«Африкада алмаз өндіреміз»: «Sax Invest» қаржы пирамидасының былығы әшкере болды
Фото: istockphoto.com

«Sax Invest» қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша ұйымдастырушылар 9 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз иеленген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасының белгілері бар «Sax Invest» компаниясының ұйымдастырушыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Компания өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде көрсетіп, мыңдаған азаматты алдаған.

Компания өз қызметін қалай таныстырған?

«Sax Invest» өзін:

  • Инвестициялық қор;
  • Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының иесі;
  • Африкада алмаз өндіру жобасының қатысушысы ретінде жарнамалап, сенімге кірген.

9 млрд теңгеден астам қаражат заңсыз жиналған

Тергеу деректері бойынша:

  • Компания 1000-нан астам салымшыдан 9 млрд теңгеден астам қаражат тартқан;
  • Бұл ақшаның негізгі бөлігі компания шотына емес, пирамиданың ұйымдастырушысы Мендығалиевтің жеке шотына аударылған.

Жиналған қаржы қайда жұмсалған?

Мендығалиев заңсыз иемденген қаражатты жеке қажеттіліктерге жұмсаған:

  • Казиноға – 2 млрд теңге;
  • «Блайсико» компаниясындағы үлеске – 28 млн теңге;
  • Атыраудағы екі пәтерге – 70 млн теңге;
  • Жеке үй құрылысына – 120 млн теңге;
  • Шетелде демалуға – 377 млн теңге;
  • Қызының Лондонда оқуына – 53 млн теңге.

Жауапкершіліктен жалтару әрекеттері

2023 жылы Мендығалиев:

  • 143 салымшымен 1,2 млрд теңге көлемінде медиативтік келісімдер жасаған;
  • 1000-нан астам салымшыға 7 млрд теңге қайтаруға кепілдік берген;
  • Алайда өз уәдесін орындамаған.

Халықаралық іздеу мен мүлікке тыйым салу

2024 жылдың қарашасында Мендығалиевке халықаралық іздеу жарияланды;

Сот шешімімен күдіктілерге тиесілі 600 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды:

  • 4 пәтер;
  • 2 жеке үй;
  • 2 автокөлік;
  • 10 000 USDT цифрлық актив;
  • «ForteBank» және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның бағалы қағаздары.

Қылмыстық топ мүшелері анықталды

  • Қаржы пирамидасының Астана, Ақтөбе, Орал, Ақтау қалаларындағы бөлімшелерін басқарған 10 күдікті танылды;
  • Олардың ішінде 7 адам қамауға алынды.
Серіктес жаңалықтары