21.05.2025, 09:33
Жаңалықтар
Бүгін 9 қалада ауа сапасы нашарлайды – мамандар ескерту жасады
Бұл қалаларда жерүсті қабатында зиянды заттар жиналуы мүмкін
Фото: freepik.com
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 21 мамыр күні Қазақстанның бірнеше ірі қалаларында ауада ластаушы заттардың шоғырлануы жоғары болады деп ескертті. Бұл адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қай қалаларда тіркеледі?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар немесе ауа сапасының нашарлауына алып келетін метеожағдайлар мына қалаларда күтіледі:
- Қарағанды;
- Балқаш;
- Өскемен;
- Семей;
- Риддер;
- Атырау;
- Ақтөбе;
- Шымкент;
- Алматы.
Бұл қалаларда жерүсті қабатында зиянды заттар жиналуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар деген не және ол неге қауіпті?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл ауа райы құбылыстарының жиынтығы, мысалы:
- Тымық ауа райы;
- Әлсіз жел;
- Тұман;
- Температуралық инверсия.
Бұл жағдайларда ауада зиянды заттар таралмай, шоғырланып қалады, нәтижесінде:
- Ауа сапасы күрт нашарлайды;
- Инфрақұрылым тығыз орналасқан аудандарда және өндіріс орындары маңында улы қоспалар көбейеді;
- Тыныс алу жүйесі аурулары бар азаматтар мен балаларға ерекше қауіп төнеді.
Не істеу керек?
Синоптиктер мен экологтар бұл күндері мынадай кеңес береді:
- Ауа райы болжамдарын қадағалап отыру;
- Ашық ауада ұзақ уақыт болудан бас тарту;
- Медицина мамандарының кеңестерін ескеру;
- Маска киюге және жабық терезе жағдайында үйде болу.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды