«Мәйітті көлікпен алып жүрген»: Көкшетау тұрғыны бастығын өлтірді
Көкшетаудағы жантүршігерлік қылмыстың жай-жапсары айтылды

Көкшетауда әріптесінің қолынан қаза тапқан Жанболат Кенжахметовтың туыстары қанды қылмыстың жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.
Бастықтың ұрысқанын көтере алмаған
41 жастағы марқұм он күн бұрын із-түзсіз жоғалып, зорлық-зомбылық белгілерімен өлі табылған.
«Алдып жүрген, қолайлы сәтті күткен. Неше айдан бері ойластырып жүріпті. Жалғыз өзі істеген жоқ. Лудоман болған екен», - дейді марқұмның анасы Халида Игелдиева.
23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай, осы қылмысқа баруы мүмкін дейді қара жамылған ана.
Гаражға апарып өлтірген
8 мамыр күні түскі сағат үште қаза болған Жанболат Кенжеахметов күдіктінің көлігіне отырыпты. Көше мен тұрғын үйлердегі бейнебақылау камералары арқылы қылмыскердің ер адамды гаражға апарып өлтіргені анықталған. Сосын із жасыру үшін мәйітті бір күн бойы көлігінің салонына салып жүрген.
Он күн бұрын жұмысқа кетіп, қайта оралмаған көкшетаулық азаматтың зорлық белгілері бар мәйіті табылған еді. Көп ұзамай полиция қызметкерлері күдікті ретінде марқұмның әріптесін қамауға алды.