$ 510.59  578.91  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жол апатына ұшыраған атыраулық такси жүргізуші әлемдік жұлдызға айналды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде тараған видео қазақстандықты АҚШ пен Еуропада танымал етті

Жол апатына ұшыраған атыраулық такси жүргізуші әлемдік жұлдызға айналды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

2024 жылы бейнетіркеуішке түсіп қалған Атыраудағы жол апаты Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ең көп тараған видеолардың біріне айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео кейіпкері америкалық емес

Аударылып кеткен көліктің видеосы 125 миллионнан астам рет қаралған. Негізгі аудитория – Еуропа мен АҚШ қолданушылары.

Сондықтан да болар, орыстілді пікірлерде бұл америкалық жігіт деген пікір жиі кездеседі. Шын мәнінде жүргізуші атыраулық 32 жастағы такси жүргізуші Рафаэль Жұмашбаев болып шықты. Ол өткен жылдың тамыз айында Исенов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында жол апатына ұшыраған.

«Мен жолаушыны түсіріп, жүргенім сол еді, қиылыста екінші дәрежелі жолда келе жатқан джип 60 км/сағ жылдамдықпен келіп соқты», - деп еске алды Рафаэль.

Көлік аударылып, жүргізуші қысылып қалған

Chery Tiggo көлігін басқарған құқық бұзушы «Жол бер» белгісін елемеген. Соққы оң жаққа тиіп, Рафаэльдің «Лада Гранта» көлігі аударылып кеткен.  

«Алғашқы бір-екі секундта құлағым шуылдады, мен радионы өшірдім, бірақ шу басылмады, мәселе менде екенін түсіндім. Кеуде мен аяғым қысылып қалып, қатты ауырды. Содан кейін куәгерлер жүгіріп келіп, шығуға көмектесті», - дейді ол.

iPhone көмек шақырды

Жазылушылар кейінірек қызықты детальді байқады: iPhone автоматты түрде 112 нөміріне қоңырау шалып, оқиғаның координатын жіберді. Бірақ арғы жағындағы адам үндеместен тұтқаны қойған. Рафаэль бұл туралы пікірлерді оқып отырып бір-ақ білген.

Миы шайқалған, қолы кесілген

Дәрігерлер оның миы шайқалғанын анықтаған және қолындағы кесікті тігіп тастаған. Көлік қатты зақымданған – алдыңғы әйнегі сынып, төбесі майысқан. Келтірілген шығынды кінәлінің сақтандыру полисі жапқан. Рафаэль өз есебінен екі айлық демалысқа шығуға мәжбүр болды.

«Мен бірден отбасылық чатқа: «Уайымдамаңыздар, мен жол апатына ұшырадым, бірақ бәрі жақсы» деп жаздым. Анам мен әпкем дереу жетіп, менімен бірге ауруханаға барды. Достарым көлікті эвакуатормен менің аулама алып кетті», - дейді Рафаэль.

Видео қалай танымал болды

Қазір ол өзінің «Ладасына» қайта отырды және қарапайым такси жүргізушінің өмірі туралы блогын жалғастыруда. Апат болғанға дейін оның TikTok-та 16 000 жазылушысы болған. Бүгінгі күні – 35,6 мың. Instagram желісінде – 8,8 мың.

2024 жылдың 8 қыркүйегінде ол апаттың видеосын TikTok-та екі бөліп орналастырды. Біріншісі 3,5 миллион, екіншісі 4,4 миллион қаралым жинады. Бір күннен кейін ролик Instagram желісінде пайда болып, 15 миллион қаралым жинады.

Дегенмен видеоны музыкамен әрлеген француз қолданушының арқасында қатты таралды. Бұл нұсқа 86 миллионнан астам қаралым жинады, 15 миллионға жуық репост жасалған. Видео TikTok, Instagram, Reddit, Telegram және YouTube Shorts желілерінде кеңінен таралды.

Соңғы күндері клип Threads-те қарқын ала бастады. Көптеген ремикс жасалған, оның ішінде жапондық аниме стиліндегі нұсқасы 15,6 миллион қаралым жинаған.

Серіктес жаңалықтары