$ 510.59  578.91  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада оқу орталығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ата-аналар оқу ақысына төленген ақшаны қайтаруды талап етті

Астанада оқу орталығына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: pixabay

Астанада ата-аналар «Ғасыр» оқу орталығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ата-аналар ұжымдық шағым түсірді

Ата-аналар уәдесін орындамаған оқу орталығына ұжымдық шағым түсірді.

Тергеу барысында азаматтар шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындық курстарына жазылып, келісімшартқа қол қойып, толықтай төлем жасағаны анықталды. Алайда көрсетілуге тиіс қызмет ұсынылмаған. 

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп жазды Polisia.kz.

Орталықтың жабылып қалғанына ашуланған ата-аналар полицияға хабарласып, ақшаны қайтаруды талап етті. Орталық басшысы із-түзсіз жоғалып кеткен.

Қырағылық таныту керек – министр  

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл жанжалдан хабардар. Оның айтуынша, мемлекет жекеменшік оқу орталықтарына лицензия бермейді.

"Қазір біз жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесін көтеріп жатырмыз. Бүгінде жекеменшік қосымша орталықтар лицензия алмайды. Сондықтан ата-аналар қырағылық танытуы керек. Жекеменшік қосымша орталықтарға мұндай бақылау жоқ, болған емес", - деді министр.

Бейсембаев қажеттілік туындаса, бұл мәселе депутаттармен бірге көтерілетінін, оны заң жүзінде және жеке орталықтардың пікірін ескере отырып бекіту қажеттігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары