$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

eGov Mobile қосымшасында тағы бір қызмет іске қосылды

Енді үй жануарларының паспортын eGov Mobile арқылы көруге болады

eGov Mobile қосымшасында тағы бір қызмет іске қосылды
Фото: pixabay

Енді үй жануарларының цифрлық паспортын eGov Mobile қосымшасы арқылы көруге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жүйеде барлық ақпарат сақталады

 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше мысық, ит және басқа да үй жануарларының иелері олардың мәліметін eGov Mobile мобилді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөлімінен қарай алады.

«Барлық мәлімет TABAN – үй жануарларын есепке алу Бірыңғай деректер базасынан жүктеледі», - деп жазылған хабарламада.

Бұл жүйеде тіркелген барлық жануарға қатысты маңызды оқиғалар жазылып отырады. 

Цифрлық паспортта мына мәліметтер қамтылады:

  • жануардың жеке нөмірі,
  • құжат нөмірі,
  • аты,
  • түсі,
  • тұқымы,
  • туған күні,
  • ерекше белгілері,
  • жануардың түрі мен жынысы,
  • тіркелген мекенжайы,
  • нақты тұратын мекенжайы,
  • иесінің толық аты-жөні мен ЖСН.

Сонымен қатар чиптеу, стерилизация және вакцинация туралы ақпарат – даталары мен мәртебелері көрсетілген.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасына авторизациядан өтіп;
  •  «Цифрлық құжаттар» сервисіне кіру қажет;
  •  «Басқа құжаттар» бөлімінде Жануар паспортымен танысу керек;
  • егер құжат көрінбесе, «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басу қажет. 

Цифрлық төлқұжат не үшін қажет

Цифрлық төлқұжат ветеринарлық клиникаға барғанда, саяхатқа шығарда, көрмелерге қатысқанда немесе жануар жоғалған жағдайда оның деректерін жедел ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл қызмет үй жануарларын жүйелі түрде есепке алуға, қаңғыбас жануарлар санын азайтуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.

2025 жылғы наурыз айындағы жағдай бойынша жүйеде 224 мыңнан астам үй жануары тіркелген, оның ішінде 20 мыңнан астамы – үйсіз жануарлар.

Серіктес жаңалықтары