$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жағажайда жыныстық қатынасқа түскендер сот алдында жауап берді

Ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, әйелге қомақты айыппұл салынды

Жағажайда жыныстық қатынасқа түскендер сот алдында жауап берді
Фото: pixabay

Теміртау қаласындағы жағажайда жыныстық қатынасқа түскен ер мен әйел әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Қоғамдық тәртіпті бұзды

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер мен әйел жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түсіп жатқаны туралы видео тараған болатын.

Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметінше олар қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасап, айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот қандай жаза кесті

"Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ал әйелге 78 640 тенге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетері, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында "мамочки Темиртау" атты пабликтен ер адам мен әйел адамның Теміртау қаласындағы жағажайда әдепсіз қылықтар жасағанын көріп, оларды іздеп тапқан.

Серіктес жаңалықтары