«Тәрбие көрмеген еркексымақтар»: Алтынай Жорабаева кейбір ер-азаматтарды сынады
Әнші отбасылық құндылықтар туралы айтты

Танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы еңбек бөлінісі туралы Instagram парақшасында ой бөлісті. Оның айтуынша, отбасында еркек пен әйелдің шаруасын бөліп-жармайды, бәрі бірдей атқарылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy..
Отбасында жауапкершілік ортақ
Алтынай Жорабаеваның айтуынша, оның әкесі де, бауырлары да үй тірлігіне белсене араласады.
«Еркектің немесе әйелдің жұмысы деп бөлмейміз. Кімнің қолы бос болса, сол тірлікті істей береді. Ағам да, інім де сондай. Қыздар малға да қараймыз. Жігіттер де қолы тисе, тамақ істей салады. Сиыр сауып, күбі піседі», – дейді әнші.
«Қатынның тірлігі» дейтіндер – өзіне сенімсіз адамдар
Өнер иесі кейбір ер адамдардың әйелдерге қатысты менсінбеушілігін сынға алды. Ол мұндай әрекетті тәрбие мен сенімсіздіктің көрінісі деп санайды.
«Кейбір еркексымақтар бар ғой. Қатынның тірлігі деп сөйлейтін. Олар – өзіне сенімсіз, комплексі бар, тәрбие көрмегендер деп ойлаймын. Менің әкем анамның шайын дайындап береді. Массажын жасап, қан қысымын өлшеп отырады. Керемет жан», – деп жазды әнші.
Контекст
Жуырда Алтынай Жорабаеваның күйеуімен бірге шетелге ұшып кеткенін хабарлаған едік. Ал одан бұрын әнші тойлардың бірінде ортаға шығып билегені үшін сынға ұшыраған болатын. Сонымен қатар Астанадағы ойын-сауық орталығына әшекей сататын дүкен туралы сауалнама жасаймын деп кірген оны күзетші қуып шыққан еді. Сондай-ақ Алтынай Жорабаеваның күйеуі сыйға тартқан пәтер жұртты таңғалдырды. Тек демалуға арналған пәтерде ас үй болмай шықты. Бұдан бөлек әнші балкон тола етін көрсетіп, ет дүкенін жарнамалап, видео салды және екінші күйеуіне жүкті екенін қалай көрсеткені жайлы видео жариялады.