Әйел күшін ұлықтайтын байқауда Ерке Есмаханның күйеуі хедлайнер болады
27 мамыр күні Алматыда «Алтын Ханым» байқауы өтеді

27 мамыр күні Алматыда өтетін «Алтын Ханым» байқауы қазақ әйелінің рухани күші мен даралығын паш ететін ерекше мәдени шара болмақ. Республика сарайында өтетін бұл кеште сахна мен көрермен арасында шынайы байланыс орнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Баян Мақсатқызы: Қызым Raim-ды тыңдамай тамақ ішпейді
Белгілі продюсер Баян Алагөзова Instagram парақшасында қызы Алманың Raim-ның шығармашылығына ерекше ықыласы барын бөлісті.
«Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де, Алма қызым Raim-ның әндерін тыңдамаса, тамақ ішпейді. Алдымен оның «Самая вышка» клипін қою керек. Содан кейін барып қызым аузына қасық апарады. Яғни, «Алтын Ханым» байқауында Алма қызымның сүйікті орындаушысы Raim хедлайнер болады. Ал Алиса қызым – кітаптың фанаты», – дейді Баян көлікте отырып түсірген сторизінде.
Байқаудың басты мақсаты не?
Байқауды ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жай ғана сұлулық сайысы емес. Бұл:
- Әйелдің ішкі рухын көрсету мүмкіндігі
- Өзін жеңіп, сахнада еркін сөйлеу алаңы
- Шынайы хикаялармен шабыттандыру алаңы
Кештің қонақтары мен өнерпаздар
- Нұржан Керменбаев
- Gazizkhan
- Аша Матай & Арман Қоңыр
- КешYou
- Еркеш Хасен
- Назым Әбілдина
- Жарқынай Ханайым
- Ақбота Нұр
- Әлия Әбікен
- Мәди Сыздықов
Естеріңізге сала кетсек, бұл конкурсты продюсер Баян Алагөзова ұйымдастырып жатыр. Жуырда ол баланың тұсауын кесемін деп жұрттың сынына ұшыраған еді. Сонымен қатар Танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің шығармашылық концертінде киген киіміне қатысты көпшілік тарапынан да сынға тап болды.