$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Орамал тағып, мөшек сияқты көйлекпен шыға алмаймын»: Баян Алагөзова өзіне тағылған сынға жауап берді (ВИДЕО)

Продюсер өзінің жеке концертінен кейін қоғам тарапынан сынға ұшыраған болатын

«Орамал тағып, мөшек сияқты көйлекпен шыға алмаймын»: Баян Алагөзова өзіне тағылған сынға жауап берді (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің шығармашылық концертінде киген киіміне қатысты көпшілік тарапынан сынға ұшыраған болатын. Ол өзінің киіміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатында ол мюзикл жанрының өзінің киетін киімдері болатынын айтып ақталды.

«Қараңғы әйел болса, мен оны қалай түсіндіремін?! Мен мюзиклге басыма орамал тағып, мөшек сияқты көйлекпен шыға алмаймын. Мен осы жанрдың әлемдік стандарттары мен талаптарына сай келуім керек. Ешқашан түсінбейтін, білімі жоқ адамға оны не үшін айтып түсіндіремін. Сол себепті осы форматтың талаптарына сай болуым үшін қажетті киіммен шығамын», - дейді Баян Алагөзова.

Ол сөзін жалғай отырып, әрбір іс-шараның өзіне лайықты белгіленген киімі болатынын қозғап өтті.

«Дресс-код деген түсінік бар. Егер асқа баруым керек болса, ұзын белдемше киіп, басыма орамал тағамын. Ал бірнәрсенің таныстырылымы өтетін жиынға барарда дресс-кодта көрсетілген киіммен барамын. Бұл – мәдениет», - дейді продюсер.

Айта кетейік, Баян Алагөзова шығармашылық концертінде жас жігіттермен билеймін деп сынға қалғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары