$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада көлігіне VIP нөмір алмақ болғандар алаяқтарға алданып қалды

Күдіктілер әдемі нөмірлерді TikTok желісі арқылы сатқан

Астанада көлігіне VIP нөмір алмақ болғандар алаяқтарға алданып қалды
Фото: istockphoto.com

Астанада көлігіне VIP нөмір алмақ болғандар алаяқтарға алданып қалғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алаяқтық жасаған екі азамат ұсталды.

Қалалық ПД мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілердің 19 жастағы екі жігіт екенін анықтады. Олар әлеуметтік желілер, соның ішінде TikTok платформасында тікелей эфирге шығып, өздерін ресми тұлға ретінде таныстырып, азаматтарға VIP мемлекеттік нөмірлерді Қазақстанның кез келген қаласынан арзан және тез арада алып беруге уәде еткен.

«Алаяқтар жәбірленушілерден алдын ала төлем жасауды талап етіп, қаржыны алған соң байланысқа шықпай, іздерін суытып отырған.

Күдіктілер азаматтардан алынған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағандарын мойындады. Қазіргі уақытта оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлердің тағы 20 ұқсас эпизодқа қатыстылығы анықталды.

Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарды алаяқтардың арбауына түспеуге, мемлекеттік нөмірлерді тек ресми түрде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға шақырады», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары