16.05.2025, 04:10
Жаңалықтар
Алматыда су құбырын жөндеп жүрген ер адам үш метр тереңдікке құлап кетті (ВИДЕО)
ҚР ТЖМ құтқарушылары ер адамды үш метр тереңдіктен шығарды
Фото: Видеодан скрин
Алматы қаласының Наурызбай ауданында су құбырын төсеу кезінде 1973 жылы туған ер адам абайсызда тереңдігі үш метр шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметіне сүйенсек, ер адам биіктен құлағаннан кейін аяғын жарақаттап алған.
«Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері бірден зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін оны траншеядан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді