16.05.2025, 08:16
Жаңалықтар
Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 41 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Тәртіп сақшылары марқұм кісі қолынан қаза болғанын айтып отыр
Фото: istockphoto.com
Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 41 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі КТК телеканалына сілтеме жасап хабарлайды.
Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған. Мәйіт Көкшетау іргесіндегі «Бірлік» шағын ауданы мен Станционный елді мекені арасындағы аумақта жатқан.
Тәртіп сақшылары марқұм кісі қолынан қаза болғанын айтып отыр. Ол қала маңындағы алтын кенішінде жұмыс істеген көрінеді.
Көп ұзамай, осы қылмысты жасады деген күдікпен бір адам ұсталды. Ол марқұмның әріптесі деген бейресми болжам айтылуда. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
