15.05.2025, 09:33
Жаңалықтар
Қазақстанның үш ірі мегополисінде ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер болжамы жарияланды
Фото: pixabay
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш ірі мегополисінде ауа сапасы нашарлайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2025 жылдың 15 мамырында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіліп отыр», - деп хабарлады синоптиктер.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді