15.05.2025, 04:45
Жаңалықтар
Астанада терек мамығы тұтанып, жанындағы көлік өртеніп кетті
Оқыс оқиға Байқоңыр ауданында болды
Фото: ҚР ТЖМ
Астанада терек мамығы тұтанып, жанындағы көлік пен орындық өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға бүгін Байқоңыр ауданында болды.
«Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында шағын алаңдағы терек мамығы мен орындықтардың өртенуі сөндірілді. Сондай-ақ, жылу әсерінен жеңіл автокөлікке зақым келген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ осыған байланысты ескерту жасады:
- Терек мамығын өзіңіз өртемеңіз және оны балалардың өртеуіне жол бермеңіз;
- Егер көшеде еркелікпен терек мамығын өртеп жатқан балаларды көрген болсаңыз, бей-жай өтіп кетпеңіз!
- Балалардың сіріңке мен оттыққа қолжетімділігін шектеңіз;
- Аулаларда өрттің алдын алу үшін жиналған терек мамығына су төгіп, оны тұрғын үйлер мен құрылыстардан сыпырып тастау қажет.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді