$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Келіннің Елдосқа әлі еңбегі сіңген жоқ» — спорт журналисі Қыдырбек Рысбек

Ол дзюдошы Елдос Сметовтің анасына деген құрметі туралы айтты

«Келіннің Елдосқа әлі еңбегі сіңген жоқ» — спорт журналисі Қыдырбек Рысбек
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандықтар Елдос Сметов Олимпиада ойындарынан елге келген соң оның жанынан әйелі емес, анасының қолтықтап жүргенін сынға алып, сөгіс танытқан еді. Белгілі спорт журналисі Қыдырбек Рысбек дзюдошы Елдос Сметовтің анасына деген құрметі туралы ойын Ақырыс Сейітқазының YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Елдосты 9 ай, 9 күн көтеріп, 2 жыл мұздай бесікті танып отырып, емізген, жаялығын жуып, әлпештеп, халыққа ұсынған анасы 1-2 ай халықтың алдында жүрген екен онда тұрған не бар? Онда сенің қандай хақың бар? Әкеңнің қандай хақы бар? Ойбай-ау, ол анасы емес пе?! Ол жүрсін. Келін екінші қатарда жүрсе, ол оның орны және жөні. Келіннің Елдосқа әлі анасындай еңбегі сіңген жоқ. Еңбегі сіңсе, енді сіңеді. Ана деген бөлек қой», – деді Қ. Рысбек.

Серіктес жаңалықтары