$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жеті жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Оқиға салдарынан бала жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды

Алматыда жеті жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматыдағы Алем Сити-3 тұрғын үй кешенінің ауласында жеті жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода бүлдіршін кроссовердің астында қалғанын байқауға болады. Полицейлердің мәліметінше, оқиға бүгін Наурызбай ауданында түскі уақытта болған. Көлік жүргізушісі аула жолымен келе жатқанда жолды кесіп өтпек болып, жүгіріп шыққан баланы қағып кетті.

«Оқиға салдарынан бала жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД.

CMN мәліметінше, аталмыш тұрғын үй кешенінің тұрғындары автокөлік жүргізушілерінің аулада тым жылдам жүретініне бірнеше рет шағымданған. Олар жағдайды реттеуді бірнеше рет сұрағанмен, ешқандай әрекет болмаған.

Серіктес жаңалықтары