11.05.2025, 12:23
Жаңалықтар
Ақтөбеде көпқабатты үйден шыққан өрттен үш адам құтқарылды
Өрт пәтер ішіндегі жиһаздан тұтанған
Фото: ТЖМ
Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде шыққан өрттен үш адам құтқарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .
Оқиға бүгін Астанин ауданы аумағында болған. Өрт пәтер ішіндегі жиһаздан тұтанған. Қалың түтін подъезді толтырғандықтан, ТЖМ қызметкерлері дереу эвакуация шараларына кірісті.
«Құтқарушылар үш адамды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді», — делінген министрлік таратқан мәліметте.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді