$ 519.55  596.03  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 6 жасар баланың мәйіті табылды

Ол 10 күн бұрын жоғалып кеткен

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 6 жасар баланың мәйіті табылды
Фото: pixabay

Ақмола облысында 10 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен алты жасар баланың мәйіті табылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, 10 мамыр күні баланың денесі Қорғалжын ауданындағы Нұра өзенінен табылған.

Бала 30 сәуірде жоғалып кеткен. Сол күні ата-анасы оның жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған.

«Баланы іздеуге полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру шаралары 10 күн бойы үздіксіз жүргізілді. Хабар түскен сәттен бастап қылмыстық іс қозғалды», – деді полиция департаментінен.

Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталған соң, процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, 30 сәуірде Қорғалжын аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан 2019 жылы туған ұлының жоғалып кеткені туралы арыз түскен. Бала жоғалғаннан кейін екі күн өте оның кроссовкилері табылған еді.

Серіктес жаңалықтары