Павлодар облысында балаларының түнгі серуені үшін мыңға жуық ата-ана жазаланды
Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасае.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және сағат 23.00-ден кейін үйлерінен тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмағандар арасында жүргізілген рейд барысында кәмелетке толмағандардың 957 заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ 28 кәсіпкерлік субъектісі кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуына рұқсат бергені анықталды.
«2020 жылдың басынан бері кәмелетке толмағандарға алкоголь сатумен 132 сатушы айналысса, 27 сатушы темекі өнімдерін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейдтік іс-шаралар барысында 159 отбасы анықталып, профилактикалық тіркеуге алынды. Сонымен қатар 87 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды немесе шектеу қойылды», - деп жазылған хабарламада.
Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың балаларын ҚР ӘҚБК 127-бабына сәйкес тәрбиелемегені үшін 241 заңды өкіл жауапқа тартылған. Тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарында заңды өкілдердің сүйемелдеуімен балалар мен жасөспірімдердің бар болғаны 22 сағатқа дейін болуы мүмкін екенін еске салады. Заңды өкілдерсіз көшеде 23.00-ге дейін тұруға рұқсат етіледі.