$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.06.2020, 14:52
Жаңалықтар

Microsoft компаниясы қазақ тілін ресми тілдер қатарына қосты

Компания әлем бойынша қазақша сөйлейтін 22 миллионға жуық адам бар деп жазды

Microsoft компаниясы қазақ тілін ресми тілдер қатарына қосты
Фото: ашық дереккөзден

Microsoft компаниясы Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілін қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.

«Тілге қатысты кедергіні жою жөніндегі миссиямызды жалғастыру барысында Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілін қосқанымызды хабарлаймыз. Qazaqsha не Qazaq Tili Қазақстанда, Қытайдың батысында, Моңғолияның батысында, Ресейдің оңтүстігінде және әлемнің басқа елдерінде қолданылады. Қазақша сөйлейтін 22 миллионға жуық адам бар», - делінген хабарламада. 

Алдағы күндерде қазақ тілі Microsoft-тың аударма жасайтын қолданбалары, баптаулары, Office бағдарламасы, Bing-ке арналған аудармашыда және кәсіпкерлер мен мен бағдарлама жасаушыларға арналған Azure Cognitive Services аударма қызметі сияқты жобаларында қолжетімді болмақ.

Енді кирилица әліпбиімен терілген мәтінді Microsoft Translator-де қазақша немесе басқа 60 шақты тілге аударуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Microsoft #қазақ тілі