Қостанайда су құрамы қауіпті бұлақ көздері анықталды
Су құрамынан нитрат, фосфат және ауыр металдар табылды
Экологтар су құрамын зерттеу арқылы Қостанайда қала ішіндегі бұлақтардан шыққан су тұтынуға жарамсыз екенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті экологтар сынама үлгілерін алып, арнайы зертханада талдау жүргізген. Нәтижесінде бұлақтардан шыққан судың адам денсаулығына зиянын тигізетіні анықталды. Сараптама көрсеткендей, су құрамында нитрат пен фосфат және ауыр металдар бар. Олар тиісті нормадан 2-3 есеге көп.
«Біз бірнеше рет жергілікті атқарушы органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына су құрамында химиялық заттардың тиісті мөлшерден артық екенді туралы хат жолдадық», – дейді сынақ зертханасының меңгерушісі Айгүл Әбілтаева.
Сондай-ақ, жолданған хатта химиялық қауіпті деп танылған су жеке сектордағы бақтарға ағып баратыны атап өтілген. Ал тұрғындар болса бақшасында өсімдіктерді осы сумен суарып жатыр.