Нұр-Сұлтанда 10 жылдан бері бос жатқан жерге гүлзар салынып жатыр
Биыл 150-ге жуық аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар мен гүлзарлар) абаттандырылады
Апаттық жағдайдағы күрелген үйдің 10 жыл бойы бос жатқан орнына жаңа гүлзар салынып, аула алаңы абаттандырылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанның барлық аудандарында аулалар мен аулаішілік аумақтарда абаттандыру жүріп жатыр. Биыл 150-ге жуық аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар мен гүлзарлар) абаттандырылады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар аула мен гүлзардағы жұмыс барысын аралап көрді.
Күрелген апаттық жағдайдағы үйдің орнында (Есенберлин көшесі, 36 үй) қазір жақын маңайдағы үйлердің тұрғындарына арнап жаңа аула салынуда. Алаң бірнеше аймаққа бөлінген: балаларға арналған ойын алаңы, мини-футбол пен баскетбол үшін спорт алаңы, жаттығу құралдары бар спорт алаңы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін және серуендейтін жер. Бұған қоса жобада көлік тұрағы ескерілген. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмысты сапалы істеу керегін атап өтті.
«Аулаішілік аумақтар, балалар алаңы мен гүлзарларды біз осы ауданда тұратын тұрғындар үшін, үлкендердің демалатын, ал балалардың ойнайтын жері болуы үшін істеп жатырмыз. Аулаларды халықтың пікірін ескере отырып аббаттандыру керек. Ол үшін биыл қаланың барлық ауданында «Бюджетке қатысу» бағдарламасы іске қосылды. Тұрғындар қай ауланы абаттандырып, балалар алаңына не орнату керек екенін өздері шешеді. Алайда тұрғындар өз аулаларын күтіп ұстау қажетін түсінуі тиіс. Көгалдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлеміз. Биыл 30 мың ағаш отырғызамыз», – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.