07.05.2025, 14:53
Жаңалықтар
Астанада Алаш тасжолының бір бөлігі ішінара жабылады
Онда 12 мамырға дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Azattyq Rýhy
Астанада Алаш тас жолының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты 8-12 мамыр аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстары Алаш шоссесінің 191-ші көше мен 69-шы көше аралығындағы бөлігінде жүргізіледі. Жол қозғалысы екі бағытта да бір жақ бетпен қамтамасыз етіледі.
Астана қаласының әкімдігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы уақытша өзгерістерді ескеруге кеңес береді.
Жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді