500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды
110 жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық иегері атанды

Тарих бетінде өшпестей із қалдырған ерлердің ерлігі ел жадында. Ұлы Отан соғысы жылдарында 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Сонымен қатар, 110 жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық иегері атанды. Бұл марапат тек ерекше жауынгерлік ерлігімен көзге түскен сарбаздарға берілген.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 12 ардагерге еліміздің ең жоғары марапаттарының бірі — «Халық қаһарманы» атағы берілді. Бұл — Қазақстанның өз батырларын лайықты дәріптеп, олардың ерлігіне құрмет көрсетудің айқын көрінісі.
Өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш деңгейлі «Айбын» орденіне аты аңызға айналған жауынгерлер — Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру туралы заңға қол қойды. Бұл қадам — халқымыздың қаһарман ұлдарының есімін мәңгі есте қалдыру бағытындағы маңызды бастама.