$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда құтқарушылар өртеніп жатқан үйден 15 баланы эвакуациялады

Өрт кезінде 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Оралда құтқарушылар өртеніп жатқан үйден 15 баланы эвакуациялады
Фото: ТЖМ

Орал қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде шыққан өрт кезінде 40 адамды, оның ішінде 15 баланы қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 4 мамыр күні күндіз болған. Жедел қызметке өрт туралы хабар келіп түскеннен кейін, оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жеткен.

«Алғашқы бөлімшелер келгенде бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесі өртеніп жатқаны анықталды. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар шұғыл түрде эвакуация жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде 40 тұрғын, оның ішінде 15 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт толықтай сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары