$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысындағы барлық газ құю станциясы заң бұзған

Газ құю станциясына жоспардан тыс тексеру жүргізілді

Ақмола облысындағы барлық газ құю станциясы заң бұзған
Фото: pixabay

Ақмола облысындағы автогаз құю станцияларында заң талаптары өрескел бұзылған. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ведомство Ақмола өңірінде орналасқан екі газ құю станциясына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, сұйытылған газды сату кезінде заңсыздықтарды анықтаған. Атап айтқанда, станциялар газ мөлшерін өлшеуде арнайы тексеруден өтпеген құралдарды қолданған. Бұл — Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңына қайшы әрекет және тұтынушылардың құқықтарын бұзу қаупін тудырады. Анықталған заңбұзушылықтар үшін станцияларға жалпы сомасы 1 061 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бүгінде Ақмола облысы аумағында сұйытылған газ сатумен айналысатын 20-дан астам субъект тіркелген. Өткен жылдан бері өңірдегі барлық газ құю бекеттеріне ауқымды тексерулер жүргізілген. Оның нәтижесінде барлығында заңбұзушылықтар тіркелген.

Атап айтқанда:

  •  14 кәсіпкерлік субъектісіне нұсқама берілді;
  • 84 бірлік метрологиялық тексеруден өтпеген жабдықты қолдануға тыйым салынды;
  •  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 462-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Мемлекеттік орган өкілдерінің айтуынша, бұл шаралардың басты мақсаты – заң талаптарын сақтау мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз етпейтін құралдарды пайдалану — халық сеніміне селкеу түсіріп, есеп-қисаптың ашықтығын бұзады», – деп атап өтті ведомство.

Серіктес жаңалықтары