«Айтым емес пе, не?»: Say Mo шетелде сүйіктісімен демалып жүргенін айтты
Осыған дейін Say Mo мен Айтбек Амангелдінің көңіл жарастырып жүргеніне болжам жасалған
Танымал әнші Say Mo өзінің сүйіктісімен бірге Дохада демалысын өткізді. Бұл сапар әншінің туған күніне сыйлық болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпан айында рэпер жанкүйерлерін жас жігітпен бірге түскен романтикалық суреттерін жариялаған. Әнші қазір сүйіктісімен бірге Қатар елінде демалысын өткізіп, фотосуретін жариялады.
Бұл суреттерде де жас жігіттің кім екені белгісіз, бет-әлпетін көрсетпеген. Алайда, ол бір фактіні айтып өтті: екеуі екі қалада өмір сүреді.
«Катарда өте керемет демалыс өткіздік. Бұл демалыс менің туған күніме масиктен сыйлық болды. Әлемдегі ең керемет ер адам. Мені бақытты еткенің үшін рақмет», - деп әнші жігітімен түскен суреттерін жариялады.
Желі қолданушылары әншінің сүйіктісі кім екеніне болжам жасап жатыр. Осыған дейін марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді деген болжам болған.
Дегенмен, Say Mo-ның суреттерінен желі қолданушылары Айтбек Амангелді емес деген қорытындыға келді.
«Айтым қазір Алматыда», «Айтым емес пе, не?», «Арқасынан қарағанда Айтым сияқты», «Айтым Алматыда жүр ғой. Қайдағы Айтым? Бастысы бақытты болсын!» - деп жазды қазақстандықтар.