$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда велосипед ұрлап, оны сатып жүрген күдікті ұсталды

Ол осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған

Алматыда велосипед ұрлап, оны сатып жүрген күдікті ұсталды
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматы қаласында велосипедтер мен басқа да мүлікті ұрлады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оның 10 заңсыз әрекетке қатысы барын дәлелдеді.

Ер адам негізінен тұрғын аудандарда ұрлық жасап жүрген: мүлікті қараусыз қалдырғанын пайдаланып, кіреберістерден, аулалардан және көшелерден ұрлық жасаған.

Ол ұрланған велосипедтерді сатып, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Құқық бұзушының Алматы қаласында тұрақты тұрғылықты жері жоқ. Бұған дейін ол осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Күдікті оңай қол жеткізуге болатын нысандарды таңдай отырып, әрекет жасады. Қала тұрғындарына қырағылық танытып, велосипедтер мен басқа да мүлікті қорғалмаған жерлерде қалдырмау керектігін ескертеміз. Бұл ұрлық құрбаны болу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Біз оның басқа эпизодтарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастырамыз», - деді, Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Серіктес жаңалықтары