«Салтанаттың ағасы ғой»: Айтбек Амангелді мен әнші Say Mo көңіл жарастырып жүр ме
Әнші Instagram парақшасында жас жігітпен түскен фотосын жариялап, бет-әлпетін көрсетпеген

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың азаматтық некедегі марқұм әйелі Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мен атышулы әнші Мөлдір Есембектің (лақап аты – Say Mo) көңіл жарастырып жүргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші Instagram парақшасында жас жігітпен түскен фотосын жариялап, бет-әлпетін көрсетпеген. Алайда желі қолданушылары белгісіз жігіттің марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы деген болжам жасады.
«Егер бұл Айтым (Айтбек Амангелді) болса, қуаныштымын», «Бұл Салтанаттың ағасы ғой», «Бұл Айтым ғой, қолындағы сағаты айтып тұр. Дене пішімі, шашы қатты ұқсайды», «Айтым шығар деп мен ғана ойладым ба десем», «100000% Айтым ғой», «Мен де Салтанаттың ағасы шығар деп ойлап отырмын», - деп жазды желі қолданушылары.
Say Mo-ның парақшасынан сүйіктісінен сыйға бренд сөмке, әдемі гүл шоқтарын, қымбат сақина алғанын байқауға болады.
Айта кетейік, әнші Say Mo 2021 жылы белгілі актер Шәріп Серікке тұрмысқа шығып, арада бірнеше ай өткен соң ажырасып кеткен.
Өз кезегінде Айтбек Амангелді де осыған дейін некеде болғанын, алайда жұбайымен мінездері жараспаған соң ажырасып кеткені туралы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтқан болатын.
Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені үшін 24 жылға сотталып кеткен болатын.