Ресейде энергетикалық сусын ішіп, жаттығу жасаған екі футболшы түнгі ұйқыдан кейін қайтып оянбаған
Олардың екеуі де жүрек талмасынан көз жұмған

Ресейдің Свердлов облысында бір уақытта екі футболшы біртүрлі жағдайда қайтыс болды. Олар жаттығудан кейін ұйықтап, оянбаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Поз-Прогресс» командасы жоспарлы жаттығу өткізгеннен кейін футболшылар тарапынан денсаулықтарына шағым түспеген. Алайда келесі күні 32 жастағы Ян мен 33 жастағы Данил ұйқысынан оянбаған. Янның анасы ұлының жүрегі ауырғанын айтады, бірақ Данилдің туыстары мұндай мәселеге шағымданбаған.
Екі отбасы да ер адамдар кешке үйге оралып, ұйықтағанын, ал таңертең оянбағанын айтқан. Екеуінің артында да әйелі мен балалары қалды.
Мамандар екі футболшының жұмбақ өліміне себеп энергетик болуы мүмкін екенін айтты. SHOT хабарлағандай, дәрігерлердің пікірінше, екі спортшы да жүректен кеткен. Қайтыс болғандардың біреуі, яғни, 32 жастағы Янның жүрегінде проблема болған. 33 жастағы Данилдің денсаулығы жақсы болған.
Сарапшылардың пікірінше, спортшылар жаттығу алдында энергетик сусын ішкен соң, жүрек қағысы жиілеп, ал, жаттығудан кейін ұйқы кезінде жүрек қағысы төмендеп кетуі мүмкіне. Өлгендердің қанынан у немесе есірткі табылмаған.