$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Каспий құбыр консорциумына дрон шабуылдады: бұл Қазақстан мұнайына қалай әсер етеді

Шабуыл 17 ақпанға қараған түні болды

Каспий құбыр консорциумына дрон шабуылдады: бұл Қазақстан мұнайына қалай әсер етеді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

17 ақпанда Ресейде орналасқан Каспий құбыр консорциумының (КҚК) мұнай айдау станциясына ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады. Қатты зақымданған нысан қазақстандық мұнайдың шығарылуына да елеулі әсер етуі мүмкін. Бұл туралы «Транснефть» мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жеті дронның шабуылы 17 ақпанға қараған түні Каспий құбыр консорциумына тиесілі Кропотинская станциясына тиді.

Нысан қатты зақымданған, атап айтқанда, шатыры қирап, жабық тарату құрылғысы, газтурбиналық қондырғы, кабельдер мен кабель тартпасы, су ыдысы зақымданған, екі трансформатор мен сүзгілер бұзылған.

«Каспий құбыр консорциумы мамандарының пікірінше, аталған шабуылдың салдары 1,5-2 ай ішінде ретке келтіріледі, бұл Қазақстаннан шығатын мұнай көлемінің шамамен 30%-ға қысқаруына әкелуі мүмкін», - деді «Транснефть».

Станцияның жұмысы шұғыл тоқтатылып, мамандар мұнайдың төгілуіне жол бермеу үшін тиісті шараларды қолданды.

Серіктес жаңалықтары