Үндістан Пәкістаннан келетін ұшақтарға әуе кеңістігін жапты
Бұл шешім 23 мамырға дейін сақталады

Үндістан 30 сәуірден бастап Пәкістаннан келетін рейстер үшін өзінің әуе кеңістігін толық жапты. Бұл шешім дереу күшіне енді және 23 мамырға дейін күшінде болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW-ге сілтеме жасап.
Аталған шара Исламабадтың осыған ұқсас қадамына жауап ретінде қабылданды. Екі ел арасындағы шиеленіс 22 сәуір күні Үндістан бақылауындағы Кашмирдегі Пахалгам қаласында орын алған лаңкестік шабуылдан кейін күшейді. Шабуыл салдарынан 26 адам, оның ішінде туристер қаза тапты. Нью-Дели шабуылға Пәкістанды айыптады. Ал Исламабад бұл айыптауларды жоққа шығарып, халықаралық тергеу жүргізуді ұсынды.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Пахалгам қаласында болған террористік актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.