Тоқаев лаңкестікке байланысты Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты
Пахалгам қаласында қарулы лаңкестіктің салдарынан отызға таяу адам көз жұмған еді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиге елдің солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді», - деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, лаңкестік оқиға сейсенбі күні Пахалгам аймағындағы тау етегіндегі жазықта болған. Қаза тапқандардың ішінде 25 Үндістан азаматы және 1 Непал азаматы бар. Жараланғандардың жағдайы тұрақты. Куәгерлердің айтуынша, әскери форма киген екі қарулы адам атпен серуендеп жүрген туристерге оқ жаудырған.