$ 518.34  591.06  6.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Енді Қазақстанда анонимді тelegram-арналар жұмыс істей алмайды

Мәдениет және ақпарат министрлігі заңға тиісті өзгеріс дайындап жатыр

Енді Қазақстанда анонимді тelegram-арналар жұмыс істей алмайды
Фото: freepik.com

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі заңға өзгеріс енгізіп, тelegram-арналарды тіркеуден өтуге міндеттемек. Ал, ресми тіркеуден өткен тelegram-арналар анонимді түрде жұмыс істей алмайды. Бұл туралы министр Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір анонимді telegram-арналар өтіріктің, манипуляция мен провокацияның ордасына айналды, халықтың көңіл-күйіне әсер етіп, жалған ақпарат таратады. Бұған енді көз жұма қарап отыру мүмкін болмай кетті, сондықтан, министрлік оларды анықтап, бұғаттау үшін жұмыс істеп жатыр. Біздің позициямыз нақты – әдейі жалған ақпарат таратып, ақпарат айдынын тұрақсыз еткендерге жауапкершілікті күшейтеміз. Менің ойымша, анонимді жұмыс істеу тәсілі – провокаторлар үшін тиімді болмауы керек және ереже бәріне ортақ. Бұл бағытта жақсы нәтиже бар, мәселен, Qir sabyn арнасы. Менің ойымша, Telegram әкімшілігімен келіссөз бастайтын уақыт жетті», - дейді Балаева үкіметтегі брифингте.

Кейін кулуарда редакция тілшісінің сұрағына жауап берген Балаева оларды анықтап, бұғаттау үшін нақты қандай шара қолданбақ екенін түсіндірді.

«Біз заң бойынша бүкіл Telegram-арналарды тіркеуден өтуге міндеттеп, сол каналда шығатын контент үшін бір адамды жауапты етеміз. Олар заң аясында жұмыс істеу керек. Анонимді арналардың жұмысы біздің ресми БАҚ-тарға әсер етіп отыр», - деді Балаева.

Серіктес жаңалықтары