30.04.2025, 17:22
Жаңалықтар
Алматыда пәтер тонап жүрген күдікті қолға түсті
Жалпы шығын 800 мың теңгеден асады
Фото: Алматы қаласы ПД
Алматыда пәтер тонады деген іс бойынша күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, ұсталған азамат күндіз пәтерде иелері жоқ кезде, емін-еркін кіріп кетіп жүрген. Ол бүгінге дейін кем дегенде 5 пәтерді тонады деген күдікке ілінді.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 800 мың теңгеден асады.
«Оқиға орнында күдіктіден айғақты заттар тәркіленді. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу жалғасуда», - деді Талант Исаев.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды