30.04.2025, 17:35
Жаңалықтар
Ресейдегі зираттардың бірінде полиция мен үй-күйі жоқ адамдар тамаққа «таласып», төбелесіп қалды (ВИДЕО)
Енді олар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін
Фото: видеодан скриншот
Ресейдің Ставрополь өңіріндегі Зеленокумск қаласында бір топ адам зират басында шуылдап, тәртіпсіздікке жол берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Куәгерлердің айтуынша, олар өзге адамдардың зират басындағы тағамдарын жинап, агрессив танытқан.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне топ мүшелері шабуыл жасап, қосымша күш шақыруға тура келген. Құқық қорғау органдары жағдайды бақылауға алған.
Жаппай төбелесті бастаған үш адам ұсталып, оларға РФ Қылмыстық кодексінің 318-бабы — «Билік өкіліне күш қолдану» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Күдіктілер өз әрекеттері үшін кешірім сұраған.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды