29.04.2025, 12:05
Жаңалықтар
Ерейментауда 10 жасар бала өлі күйінде табылды
Қазір трагедияның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр
Фото: istockphoto.com
Ақмола облысының Ерейментау қаласында 10 жасар баланың денесі үйінің ауласынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
10 жасар баланың мәйіті өз үйінің ауласынан табылды. Оның денесінен зорлық-зомбылық ізі болған жоқ. Полиция болған оқиғаны растады.
«28 сәуірде Ерейментау ауданында 2015 жылы туған кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, бала асылу арқлы суицид жасаған. Қылмыстық іс тіркелді», - деп хабарлады Ақмола облысы ПД.
Қазір трагедияның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр.
Nayzakokshe мәліметі бойынша, баланың денесін әкесі тапқан. Оның отбасында төрт бала бар.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
