Ұлытау облысында құны 147 млн теңгеден асатын 90 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды

Ұлытау облысында құны 147 млн теңгеден асатын 90 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлытау ауданының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.
Қадағалау актілері бойынша жол берілген бұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 147 млн теңгеден асатын жалпы ауданы 90 000 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
«Жергілікті атқарушы орган мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын шын ниеті бар тұрғындарға қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған», - делінген прокуратура хабарламасында.