Қазақстанда көкжөтел мен қызылша бойынша жағдай өршіп тұр
Қазақстанда еуропалық иммундау апталығы басталды

Қазақстанда көкжөтел мен қызылша бойынша жағдай өршіп тұр. Денсаулық сақтау министрлігі осыған қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанда еуропалық иммундау апталығы басталды, ол 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында «Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен өтеді.
Аптаның мақсаты – вакцинациялау өмірді сақтайтынын еске салу.
Министрілк мәліметінше, егудің арқасында Қазақстанда 1996 жылдан бастап полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия тіркелмеген. Эпидпаротитпен сырқаттанушылық 100 еседен астам, А гепатиті — 32 есе, В гепатиті — 92 есе, қызамық — 2000 еседен астам төмендеді.
«Бүгінгі таңда иммундау бағдарламасы 21 инфекциядан қорғауды қамтиды.
Алайда, соңғы уақытта қызылшамен және көкжөтелмен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалады: қызылша бойынша 75% жағдай және көкжөтел бойынша 87% жағдай жоспарлы вакцинациялау алмаған балаларға тиесілі.
2024 жылдан бастап Ұлттық күнтізбеге 11-13 жас аралығындағы қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинациялау қосылды. Қазіргі уақытта бір дозамен 11-13 жастағы 133 169 қыз, екі дозамен - 21 194 қыз егілді», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.