28.04.2025, 00:03
Жаңалықтар
СҚО-да су тасқынымен күрес: Қызылжар ауданына бірнеше шақырым қорғаныс орнатылды
СҚО-да бөгеттер мен біліктерді нығайту жалғасып жатыр
Фото: Видеодан скрин
СҚО-да су тасқынымен күрес жұмысы күндіз-түні жүріп жатыр. Құтқарушылар Қызылжар ауданына қарасты Ольшанка ауылында бірнеше шақырым қорғаныс білігін орнатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
СҚО-да бөгеттер мен біліктерді нығайту жалғасып жатыр.
СҚО Қызылжар ауданы Ольшанка ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда:
- ұзындығы 300 метр су құятын бөгет орнатылды;
- ұзындығы 2,7 км жаңа қорғаныс білігі тұрғызылды;
- қолданыстағы білік 800 м нығайтылды;
- 5 мың қап төселді.
«Жұмыстарға ҚР ТЖМ, СҚО ТЖД, Ақмола және Қостанай облыстарының 105 адамы мен 19 техникасы, СҚО ЖАО мен ҚАЖД жұмылдырылды.
Іс-шаралар халықты су тасқынынан қорғау үшін тәулік бойы жүргізіледі», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
Бүгін, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
