27.04.2025, 23:48
Жаңалықтар
Павлодарда қосалқы станцияға найзағай түсіп, бүтін бір көше жарықсыз қалды (ВИДЕО)
Оқыс оқиға бүгін 20:00-ге таман болды
Фото: istockphoto.com
Павлодарда 27 сәуір күні сағат 20:00-ге таман «Транспортная» қосалқы станциясына найзағай түсіп, «Западная городская» қосалқы станциясында өрттің шығуына себеп болды. Салдарынан электр қуаты өшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімі Хасар Хабылбековтың айтуынша, Лесозавод ауданында және Астана, Лермонтов, Бектұров көшелерінің шекараларында электрмен жабдықтау болмаған.
«Жедел тәртіпте қажетті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта барлық тұрғын үйде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді», - деді Павлодар әкімі.
Айта кетерлігі, электр қуатын қалпына келтіру шаралары қабылданып жатқан өнеркәсіптік аймақтағы кәсіпорындардың бір бөлігі кернеусіз қалады.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды