$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Үсік жүреді»: 26 сәуірде елімізде ауа райы қандай болады

Қазақстанның батысында және солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін

«Үсік жүреді»: 26 сәуірде елімізде ауа райы қандай болады
Фото: pixabay

Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қалған аумақта ауа райы құбылып тұрады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста – қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның батысында және солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең оңтүстікте шаңды дауыл соғады, батыста және шығыста тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 3 градус үсік жүреді.

 Қызылорда облысында, Түркістан облысының шөлді аймақтарында, батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Қалаларға қатысты температура болжамы

Астанада көшпелі бұл шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы.

Көкшетауда күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 7-12, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 22-24 градус жылы.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 25-27 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 29-31 градус жылы.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 32-34 градус жылы.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 21-23 градус жылы.

Атырауда күн бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 1-6, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 22-24 градус жылы.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы.

Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Петропавлда күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 9-14, екпіні 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 22-24 градус жылы.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 27-29 градус жылы.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 7-12 жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 ​​градус жылы.  

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылы.

Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде 1-6, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 24-26 градус жылы.

Семейде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 25-27 градус жылы.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстіктен 7-12, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 35-37 градус жылы.

Тараз қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 27-29 градус жылы.  

Серіктес жаңалықтары