$ 510.59  578.91  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда тауға сандал киіп шыққан турист қар құрсауында қалды (ВИДЕО)

 Қалалық 109 қызметінің құтқарушылары туристі тауып, төменге түсірді

Алматыда тауға сандал киіп шыққан турист қар құрсауында қалды (ВИДЕО)
Фото: ҚР ТЖМ

Алматыда Бутаков сарқырамасына жеңіл жазғы аяқ киіммен көтерілген турист құтқарушыларды көмекке шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Құтқару қызметінің мәліметінше турист Бішкек қаласынан келген.

«Әйел жалғыз шыққан, жылы киінбеген,  аяғында сандал болған. Ол өз бетінше қайта алмайтынын түсініп, көмек сұрады», - деп жазылған хабарламада.

Қалалық 109 қызметінің құтқарушылары қар құрсауында қалған туристі тауып, төменге түсірді. Ешкім зардап шекпеді.

«Біз туристің зардап шекпегеніне қуаныштымыз және оған дұрыс шешім қабылдағаны үшін алғыс айтамыз», - дейді құтқарушылар.

109 қызметі тауға шығуды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын, дайындық деңгейін ескеру қажеттігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #турист